Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Большевиктердің  «Қызыл  террорды»  бастауына  себеп  болған  екі  қастандық

31.08.2026, 14:40 93

HALYQLINE.KZ

1918 жылдың 30 тамызында эссер партиясының мүшесі болмаса да, солардың идеясын қолдаушы қатын Фанни Каплан пролетер көсемі В.Ленинге қастандық жасаған болатын. Түстен кейін Ленин Михельсон заводында сөз сөйлеп, өз сөзін: «Өлеміз, не Жеңеміз!» деген сөздермен аяқтап, автокөлігіне жақындағанда бір жұмысшы әйел теміржол вокзалындағы жолаушылардың наны тәркіленіп жатқаны туралы шағымданады.

Сол кезде Каплан жақындап келіп, 3 рет оқ атады. Екі оқ Ленинге, үшінші оқ сұрақ қойған әйелдің қолына тиді. Кейін ол әйел өмір бойы түрлі кездесуде: «бір оқтың маған тигеніне бақыттымын, себебі, үшінші оқтан мен көсемді сақтап қалдым» деумен өмірден өтті.

Сол күні таңертең Михайлов артиллериялық училищесінің юнкері Леонид Каннеснер Петроград ЧК бастығы Мойсей Урицкийді атып өлтірген болатын. Үш күннен кейін, 2 қыркүйекте ВЦИК төрағасы Я.М.Свердлов Совнаркомға «Қызыл террорды» іске асыруға қаулы шығартады. Террор бойынша қыркүйекте сотсыз-тергеусіз 512 адам, қазан айында 810 адам, қараша айында 467 адам атылды. Ал, майданда қолға түскен ақгвардияшыл офицерлер табан астында атылды.

Бұған дейін 1918 жылдың 17 шілдесінде большевиктер ІІ Николай патшаны отбасымен атып тастаған соң, ақгвардияшылдар «Ақтар террорын» іске асырып жатқан болатын. Түсінікті тілмен айтқанда, «қанға-қанмен» жауап берді.

Ал, Ленинді атқан Фанни Капланға келсек, оны да өкімет басшысы Я.Свердлов атуға бұйрық берді. Үкім 1918 жылдың 4 қыркүйегінде орындалды. Оған пролетар ақыны Демьян Бедный шақырылды. Шамасы большевиктер одан үлкен шабытпен жазылған «Месть и возмездие» (Кек пен қарымта) өлеңін күткен болуы керек. Өлең жазылмай қалды. Фанни Капланды (соңғы фотодағы сұлу қатын) атып тастаған соң, үлкен темір бөшкеге денесін тастап, үстіне қарамай құйып өртеп жіберді.

Бақытжан  АБДУЛ-ТҮМЕНБАЙ,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: