Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Біз білмейтін Чехов

08.07.2023, 10:00 191

HALYQLINE.KZ

Жазушы, драматург, дәрігер А.П.Чехов өмірінің жартысынан астамында туберкулезбен ауырып, не бәрі 44 жасында қайтыс болса да, артында он адам істей алмайтындай еңбек жасап кетті.

1. Әлем халықтарының тілдеріне аударылған 20 том шығармасын жазды.

2. Өзінің туған қаласы Таганрогта кітапхана ашып, өзінің 2000 кітабын тапсырды.

3. Мелиховада тұрғанда 1000-нан астам шаруаны тегін емдеп, тегін дәрімен қамтамасыз етті.

4. Сүзек ауруы бұрқ етіп, карантин кезінде ешқандай көмекшілерсіз бір өзі 25 деревняға дәрігерлік қызметін жасады.

5. Өз қаражатына деревняларға 4 мектеп, өрт сөндіру жарақтары бар сарай, Лопасн-ға дейін жол салғызды.

Халық үшін еңбек еткен Чехов: «Біздің әрқайсысымыз өзінен кейін артында қалатын мектеп, құдық, т.б. қалдырса, мәңгілікке кетер кезде өмірді босқа сүрмегендігін көріп кетер еді» деген болатын.

Бұған қарап ұлы жазушы Чехов бай тұрды екен деп ойламаймын, оны 19.01.1895 жылы А.С.Суоринге жазған мына хатынын білуге болады: «Көктем жақындап, күн ұзара бастағасын Потапенко сияқты көп жазатын шығармын. Ақша өте қажет. Маған жылына 20000 табыс керек, төсекке жібек ішкиімі бар әйелмен жата алмаймын ғой». Осы хат арқылы жазушы Чеховты қатын құмар (бабник) деп ойлап қалмаңыздар. Антон Чехов театр актрисасы Ольга Книпперге қайтыс болардан үш жыл бұрын 1901 жылы 25 мамырда үйленген болатын.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: