Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әлихан Бөкейхан мен Дінмұхамед Қонаевтың кездесуі

28.02.2021, 12:00 150 0

HALYQLINE.KZ Дінмұхамед Қонаев: «Москва. 1930 жыл. Студенттік шақ. Қазақтың көрнекті мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасов дүниеден озған азалы күн еді ол. Москвада тұратын және оқитын қазақ жастары Разгуляев зиратына жиналды. Марқұммен қоштасуға келген халық өте көп. Солардың арасынан шағын топ оқшаулау тұр. Үздік-создық келушілер Осы топқа әдейілеп бұрылып, қол алысып өтіп жатты. Күн шытымыр, аязы бет қариды. Көпшілік арасынан сына тауып, мен де сол топқа тақай түстім. Москвада үлкен қызмет атқаратын Тұрар Рысқұлов пен Нығымет Нұрмақов ағалар көзіме оттай басылды. Ортада дембелше денелі қияқ мұртына ақ кірген, шоқша сақалы салалы, жүдеу өңді ақсақал сол қолымен жастау әйелді қолтығынан демесе, оның оң жағынан Тұрар сүйемелдеп тұр екен. Ақсақалдың оң жағынан Нығымет орын алыпты. Көбіне ақсақалға күбірлеп сөйлеп тұрған да Нығымет еді. Ана кісі оған басын изеп қана жауап беріп тұрды. Келушілер ең алдымен әлгі ақсақалдың қолын ұстап, содан соң кезекпен көңілдерін білдіріп, өтіп барады. Орта жастағы ұлты орыс нәсілдес жан ақсақалдың қолын ұзақ ұстап тұрып, көңіл айтып жатты. Мен осы сәт иін тірескен ортада жас шамасы өзіммен шамалас жігіттен «Мына кісі кім?» – деп иек қақтым.

– Танымайсың ба? – деп таң қалды:

– Атақты Әлихан Бөкейхан ғой! Қасындағысы қызы – Елизавета. Марқұм Смағұлдың зайыбы, – деп сыбырлады».

Димекең Смағұл Сәдуақасұлын жақсы білетінін және ең бастысы – жалғыз да болса аққан жұлдыздай өткен күйеу баласынан айрылған Алты Алаш көсеміне көңіл айтқанын баяндайды:

«Смағұл Сәдуақасовты жақсы білетінмін. Қызы әкесінің иығына әлсін-әлсін басын салып, күйзеліп-ақ тұр. Мен де Әлиханның қолын алып, содан соң кезекпен көңіл көңіл айттым. «Алла жарылқасын!» – деп Әлихан маған бас иді. Міне, Әлиханды алғашқы және соңғы көріп, жүздесуім осылай есте қалды».

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: