Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлы адамның ұлы сөздері (4-бөлім)

08.05.2021, 14:00 574

HALYQLINE.KZ Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алма
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден.
Күндестігін қоздырып,
Азапқа қалма езбеден.( Абай)

Аз сөйлер де, көп тыңдар, Хас асылдың баласы. (Махамбет)

Адам өзінің жанын ұсақ уайым, болымсыз қам-қарекеттің дертімен былғаудан сақтауы керек. (М.Әуезов)

Адамның аса зор ерекшелігі – ең қиынкедергілерді жеңудегі табандылығы. (Л.Бетховен)

«Адам – құл өзін жеңіп ұстамаған»Деген бір Сократтан сөз қалыпты. (С.Торайғыров)

Адам өзіне-өзі бағынып, өзінің шешімдеріне бой ұсынып үйренуге тиіс. (Цицерон)

Бауыржан Момышұлының нақыл сөздерінен: Ердің туы – намыс. Қырағының өзі де, көзі де батыр. Ту сыртыңнан тиген дұшпанды торға түсір, өршеленген жаудың үнін өшір. Сабырлылық алдында дұшпан сасады, сабырсыздан береке қашады. Жеңіс шайқасқа дейін шыңдалады.

Ең құдіретті құштарлық – атаққұмарлық. Мені осы құштарлықтан құтқарар болса, қалғандарынан мен өзім-ақ құтыламын. (Р.Шеридан)

Білгеніңді барлық уақытта айта берме, бірақ барлық уақытта не айтарыңды біл. (М.Клаудис)

Өз сырыңды айтып қою – ақымақтық. (Ф.Вольтер)

Жалғасы бар…

Бірінші бөлім

Екінші бөлім

Үшінші бөлім

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: