Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ұлы адамның ұлы сөздері (3-бөлім)

02.05.2021, 17:00 521

HALYQLINE.KZ  Ойдың реттілігіне әдеттену – сен үшін бақытқа жеткізетін бірден-бір жол, оған қол жеткізу үшін қалған нәрсенің бәрінде, тіпті ең бір немқұрайды нәрселерде де тәртіп болу қажет. (Э.Делакруа)

Ақылға тыныштық емес жаттығулар күш береді. (А.Поп)

Адамның ақылына жүрегі арқылы жолтаба біл. Ал тікелей ақылына жол табу қанша қиын болса, сонша сенімсіз де. (Ф.Честерфильд)

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек
Жылытқан тұла бойды ыстық жүрек.
Тоқтаулылық, талапты, шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боларсың елден ерек. (Абай)

Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. (Абай)

Іздесең – табасың, алыссаң – аласың. (М.Әуезов)

Әр істің мақсаты туралы ойлаған дұрыс. (Л.Н.Толстой)

Алға ұмтылу – өмірдің мақсаты осы ғой. Өмірдің мәні мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттің парасаттылығы мен пәрменділігінде, ендеше тұрмыс-тіршіліктің әрбір сәтінде алда үлкен мақсат тұруға тиіс. (М.Горький)

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек. (Абай.)

Адам бойындағы өнер атаулы төзім мен уақыт қосындысынан өзге ештеңе де емес. (О.Бальзак)

Өнерсіздің қылығы – Тура сөзін айта алмай, Қит етуге бата алмай, Қорлықпенен шіруге; Аз ақшаға жалданып, Өнбес іске алданып, Жол таба алмай жүруге… (Абай)

Жалғасы бар…

Бірінші бөлім

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: