Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сөз жайлы сөз (2-бөлім)

27.06.2021, 15:00 357

HALYQLINE.KZ

26) Тіл қылыштан өткір.

27) Tіл тиексіз

28) Жаман көлдің суы ащы, жаман қатынның тілі ащы.

29) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.

30) Тілсіз жерде тіршілік жоқ.

31) Тіл – тіршілік тірегі.

32) Тіл буынсыз, ой түпсіз.

33) Ат жүйрігі айырады, тіл жүйрігі қайырады.

34) Шешеннің тілі – шебердің бізі.

35) Малдан малдың несі артық – бір асым еті артық,

Ерден ердің несі артық – бір ауыз әділ сөзі артық.

36) Қотыр қолдан, пәле тілден жұғады.

37) Адамға келген он бәленің тоғызы – тілден.

38) Тіл сүйексіз болса да, өзі сүйектен өтеді.

39) Балаға өз тіліңмен сөйлеме, өз тілімен сөйле.

40) Басқа пәле – тілден.

41) Тізеңнен сүрінсең де, тіліңнен сүрінбе.

42) Тәрбие тілден басталады.

43) Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ.

44) Тіл қоса алар жер мен көктің арасын,

Тіл айырар анасынан баласын.

45) Тіл атағыңды өсірер де өшірер

46) Ақ сөз ащы болады.

47) Сөз тапқанға қолқа жоқ.

48) Оқ жарасы бітер, сөз жарасы бітпес.

49) Көз жеткізер, көз жеткізбегенді сөз жеткізер.

50) Сөздің басы бір пышақ, аяғы бір құшақ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: