Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сөз жайлы сөз (1-бөлім)

26.06.2021, 8:00 508

HALYQLINE.KZ

1) Дүниеде сөзден көне, сөзден берік ескерткіш жоқ.

2) Алмас қылыш майданда серік, асыл сөз майданда да, сайранда да серік.

3) Жол қуған кәдеге жолығады, сөз қуған бәлеге жолығады.

4) Сөз жүйесін тапса, мал иесін табады.

5) Ат айналып иесін табар, сөз айналып жүйесін табар.

6) Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді.

7) Адамды адам еткен ой мен сөз.

8) Әсері жоқ сөз – өлі сөз.

9) Жылы киім тәнді жылытар, жылы сөз жанды жылытар.

10) Жақсы сөзге жан семіреді, жаман сөзге жан түршігеді.

11) Жақсы сөз жараны да жазады.

12) Жақсының сөзі ақыл шақырады,жаманның сөзі ашу шақырады.

13) Тау мен тасты су бұзады, адамзатты сөз бұзады.

14) Кесірлі ауыздан кесапатты сөз шығады.

15) Су төркіні – әуіз, сөз төркіні – ауыз.

16) Сөзді сөзбен ұста, қашағанды құрықпен ұста.

17) Көне сөз – жаңа сөздің қазығы.

18) Сөз шынды табады.

19) Ауыз көркі – сөз, жүздің көркі – көз .

20) Піл көтермегенді тіл көтереді

21) Адам көңілден азады, тілінен жазады.

22) Бал тамған тілден у да тамар.

23) Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады.

24) Aйтпас жерде тілің тарт, ашу келсе, қолың тарт.

25) Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: