Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қытайдың 20 мақал-мәтелі

30.10.2022, 16:00 563

HALYQLINE.KZ

1) Тянь-Шаньның басында отырып әулие болу оңай, базарда жүріп әулие болып қалу қиын.

2) Сен бірінші айтқанда, мен сендім. Екінші рет айтқанда, күмәндана бастадым. Қайта-қайта айта бергеніңде өтірік екенін түсіндім.

3) Жақсы кітапты бірінші рет оқығаның – жаңа дос тапқаның. Екінші қайтара оқығаның – ескі досыңмен кездескенің.

4) Жолдан қателессең, кейін қайтарсың. Сөзден қателессең, артқа жол жоқ.

5) Достардың ортасында қара су да балдай.

6) Алып өзен дыбысын шығармайды, ақылды адам дауысын көтермейді.

7) Ағаш отырғызатын ең жақсы уақыт 20 жыл бұрын болды, келесі жақсы уақыт – қазіргі сәт.

8) Мың жыл көлеңке болғанша бір күн адам бол.

9) Жымиюды білмейтін адам саудамен айналыспайды.

10) Күлкіге толы лашық күңіренген сарайдан артық.

11) Бір адам айтқан өтірік – жүз адам үшін ақиқат.

12) Созылмалы ауруға шалдыққан адам дәрігерге айналады.

13) Бақытсыздық өзің ашқан есіктен кіреді.

14) Желдің бағытын білетін адам одан қорғанатын қамал емес, жел диірменін салады.

15) Императордың қандай адам екенін айналасындағы бишілерден таны.

16) Алыс жолда жеңіл жүк болмайды.

17) Достық бір жағдайдан емес, бар жағдайдан көрінуі тиіс.

18) Гүлдің үнемі құлпырып тұрмайтыны секілді адам үнемі бақытты болмайды.

19) Кешеден алыс, ертеңнен жақын ештеңе жоқ.

20) Отты іздесең, түтінімен бірге табасың. Ақиқатты іздесең, өтірігімен бірге табасың. Әр нәрсе екі жартыдан тұрады. Бірінсіз екіншісі жоқ.

Қазақшалаған  Ескендір  Зұлқарнай.

Әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: