Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Кішкентай ханзада» қойылымы сахналанды

19.12.2023, 15:00 210

19 жаелтоқсан күні Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрында балаларға арналған Антуан де Сент-Экзюперидің «Кішкентай ханзада» қуыршақ қойылымы сахналанды.

Ұшқыш шөл далада апатқа ұшырап, жұмбақ Кішкентай ханзаданы кездестіреді. Ол кім? Ол шынымен басқа планетадан келді ме? Оның әңгімесі аңғал бірақ әсерлі болып көрінеді. Кішкентай ханзада да ересек адамдарда бола бермейтін даналық бар. Өйткені, барлық ересектер алғашында бала болған, бірақ олардың көбі оны есіне ала қоймайды.

Спектакльдің режиссері М.Горкий атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының бас режиссері – Бекпулат Парманов. Суретшісі – Асия Курманалина. Композиторы – Эмиль Амиров. Орыс тілінен аударған – Ұлбосын Қылышбаева.

Театр 25 желтоқсанда И.Миччидің «Арыстан патша» балалар қойылымының премьерасын өткізеді. Африканы мекендеген арыстандар прайдында, Муфаса мен Сарабиде Симба атты ұл дүниеге келеді, Муфаса прайдтың патша ретінде Симбаны өзінің мұрагері етеді. Прайд мекендеушілерінің қуанышына қарамастан, Муфасаның туған інісі Шрам, бұған қапалы боп, іштарлығы мен арам пыйғылын дереу іске асырмақшы болады. Муфасаны тақтан құлатып, Симбаны мәңгілікке прайдттан қуып жіберуге тырысқан ол, ақыр аяғы тақты өз қолына алады. Билікке деген құштарлық, өзара келіспеушіліктер, сатқындық пен достық, махаббат, әсем әннің әуезімен «Арыстан патша» қойылымында өрбиді.

Спектакльдің режиссері – Санат Жүзбай, режиссердің ассистенті – Әзидолла Әзімтай. Аударған – Саламат Өтешов. Суретшісі – Нұрахат Иманғалиев. Музыкасын жазған – Нұрсұлтан Төреәлі. Костюм дизайнері – Камила Дауылбаева.

Алдағы жаңа маусымда театр ұжымын жаңа қойылымдар сахналау, жаңа жобаларды іске асыру, т.б жұмыстары күтіп тұр.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: