Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Кешірші…» алғаш рет Сыр сахнасында қойылды

16.03.2024, 17:25 220

Жазушы, журналист, документалист, ҚР Мәдениет саласының үздігі, ҚР Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қанат Тілеуханның “Кешірші…” драмасы алғаш рет Сыр сахнасында сахналанды.

Спектакльдің негізгі мазмұны Ғазиз бен Айзат есімді отбасылық жұптың бала сүйе алмай, бірнеше жыл сәби аңсап сол аралықта берілген сынаққа бірде сынбай күрессе, бірде қолдан кеткен қателікке өкінсе де, өкірсе де, өтінсе де өзгермейтіндей көрінеді..

Төрт қабырға ішіндегі құбылыс сырттағыларға байқалмайды да. Тек екеуге аян.

Ер мен әйелдің ойлауы да, болмысы да бір арнаға тоғыспайды.

Бұл – заңдылық! Әйел жанын ұғып, сезімімен санасып, керексіз кикілжіңдерді көбейтпей, көңілдің кілтін тапсақ, ажырасудың алдын алмақпыз! Кешірімге… кеш емес…

Спектакльдің режиссері театрымыздың талантты артисі Қанат Архабаев.
Қанат осы уақыт аралығында театр репертуарындағы Қ.Жүнісовтің “Love is…” комедиясын, А.Кашьяптың «Кім?» мистикалық триллерін, И.Сапарбайдың “Ауылдан келген ару” қойылымын қойып, шыңдалып жүрген талант иесі.
Қанат Архабаев өзі режиссер әрі басты рөлдігі Ғазизды сомадаса ал, жарының рөлінде өмірдегі әрі өнердегі жары, актриса – Бибідана Мақсұт. Диана рөлінде – Жаухар Еркінова.

19.00 және 21.00-де қойылған қойылымға келген көрермен спектакльді ерекше ықыласпен қабылдап, көздеріне жас алып өмірдің нақ өзін спектакль арқылы жеткізген өнер иелеріне зор қошемет білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: