Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Дейл Карнегидің нақыл сөздері

11.01.2023, 17:40 613

HALYQLINE.KZ

1. Егер тағдыр саған қышқыл лимон ұсынса, одан лимонад жасап ал.

2. Өмірде ең қызық 3 нәрсе бар: Секс, Жекеменшік және Дін. СЕКС арқылы өмірді жасаймыз, МЕНШІК өмір сүруге көмектеседі, ДІН арқылы өміріміздің о дүниеде де жалғасы болады деп сенеміз.

3. Біреуді жазғырудан бұрын, оны түсінуге тырысу керек.

4. Біреуге еліктемей, өз жолыңды тауып, өзіңмен-өзің бол.

5. Кішкентай адамды таптап кету қиын емес, бірақ ол өмір сүру үшін күшті құдайға деген сенімнен алса, оны жеңу мүмкін емес.

6. Қолың ешуақытта бос болмасын, бір іспен айналысыңыз. Бұл – жер бетіндегі ең арзан әрі әсері күшті дәрі.

7. Қорқыныш деген ол сіздің ойыңызда ғана өмір сүреді.

8. Бізге баға беретін 4 нәрсе бар: Біз не істейміз? Қалай киінеміз? Не айтамыз? Қалай сөйлейміз?

9. Егер танысыңыз сізді өз мақсатына пайдаланғысы келсе?! Ол адамды таныстар тізімінен сызып тастаңыз!

10. Өзіңіздің табалдырығыңыз таза болмай, көрші үйдің шатырында қар жатыр деп айтпаңыз.

11. Өзіңіз сүйіп қосылған қосағыңыздың өз кемшілігі болады. Егер ол еш кемшілігі жоқ әулие болса, сізді таңдамас еді!

12. Әйелді мақтайсыз ба, әлде мақтамайсыз ба? Оны өзіңіз білесіз! Ал үйленгеннен кейін мақтау қажеттілікке айналады, өзіңіз жақсы өмір сүру үшін мақтауға міндеттісіз!

13. Адам өзінің сүйікті ісімен айналысқан кезде ғана жетістікке жетеді.

14. Жалғыз тұратын данышпаннан жақсы әйелмен тұрған адам әлдеқайда бақытты!

15. Өзіңіз ұнатпайтын адам туралы оны ешуақытта есіңізге алып ойланбаңыз!

16. Адамның үстіндегі жақсы киімнен оның жылы жүзі артық.

17. Егер адамдардың өзгергенін қаласаңыз, алдымен өзгерісті өзіңізден бастаңыз.

18. Адам табиғатынан кінәні өзінен емес, басқа адамнан іздейді.

19. Әр адам дауда жеңіп шыққысы келеді. Ең дұрысы дау-даумайға араласпаған дұрыс.

20. Әрбір ұлт өздерін басқа ұлттан артықпыз деп есептейді. Бұл патриотизм болғанымен, ерте не кеш соғысқа апарып соқтырады.

Бақытжан  Абдул-Түменбай,

тарихшы,  журналист-дайджест.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: