Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Бексұлтан Орынбасар: «Келер жылы Сыр еліне олжа саламыз деген мақсат бар»

28.12.2023, 16:00 136

Сыр елі табанасты тапқыр ой айтып, әзіл аралас ащы шындықты астарлайтын айтыскер ақындарға бай өлке. Биыл айтыскер ақын Мұхтар Ниязовтың халықаралық айтыстарда оқ бойы озық шығып, Мейірбек Сұлтанхан “Айтыс ақтаңгері” атанып, Бексұлтан Орынбасар “Асыл домбыра” айтысынан үшінші орынын иеленіп, аймақ абыройын асқақтатты. Жас та болса, бас болып Сырдың атынан сөз барымтасында нәтижелі өнер көрсетіп жүрген Бексұлтан Орынбасар Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жыл бойы жеткен жетістіктерін айтып өтті.

– «Ұстазы жақсының ұстанымы» жақсы дегендей, менің бір биікті бағындырғаным ұстаздарымның еселі еңбегінің арқасында. Ең бірінші, әкем қолыма домбыра ұстатып, бағыт-бағдар берді. Бала кезден жыршы Айбек Тәңірбергеновтің тәлімін алдым. Университет қабырғасында Руслан Ахметовтен сабақ алдым. Осы жандардың арқасында болашағымызды бағдарлап, үлкен топқа түстік. Айтыс сахналарында бой көрсетуіме Мұхтар Нияз, Нұрман Мансұр, Ержеңіс Әбді ағаларымыз қолдау білдірді. Қаншама сахналарда ысылып, осы жақындаға ғана Дулат Тастекей ағамыздың ұйымдастыруымен Елорда төрінде өткен “Асыл домбыра” айтысында үшінші орынды иеленіп қайттық. Келер жылы да Сыр еліне олжа саламыз деген мақсатымыз бар”, – деді Бексұлтан Ақылбекұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: