Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ауыр сөз жүректе үңірейтіп ізін қалдырады

12.06.2021, 16:00 82 0

HALYQLINE.KZ

Баяғы өткен заманда сабырсыз, күйгелек бір жас жігіт өмір сүріпті. Бірде әкесі оған шеге толы қанар әкеліп: «Өз-өзіңді ұстай алмай, ашуға мінгенде осы шегелердің бірін алып, қақпаға шегеле!» – деп бұйырыпты.

Бірінші күні-ақ қақпаға бірнеше ондаған шеге қағылыпты. Ал келесі аптада әкесі ұлының біраз сабырға келгенін оның қаққан шегелерінің санынан байқаған екен. Алғашқы күндердегідей емес, әлдеқайда азая түсіпті. Осылайша, күн өткен сайын қағылған шегелердің саны кеми беріпті. Жас жігіт шеге қаққаннан гөрі сөзге келіп, ұстамды болудың артық екенін түсіне бастапты.

Біраз уақыт өткеннен кейін қақпаға мүлде шеге қағылмаған күн де туыпты. Ұлы бұл жақсы жаңалықты әкесіне айтады. Сонда әкесі:

– Енді ашуға мінбей, өз-өзіңді ұстай алған әрбір жағдайдан кейін қақпаға қағылған бір шегені суырып тұр, – депті.

Баласы әкенің айтқанын орындап жүреді. Біраз күннен кейін қақпада бірде-бір шеге қалмапты. Мұны көрген әкесі баласын қақпа алдына ертіп келіп:

– Қарашы, балам, шұрық-тесік! Қақпада үңірейіп, шегенің іздері қалды. Енді ол ешқашан бұрынғыдай бірқалыпты тегіс болмайды. Адамдарға ауыр сөз айтып, ренжітпестен бұрын осы қақпаны есіңе ал. Ауыр сөз ағашқа қадалған шеге сияқты жүректе де үңірейтіп ізін қалдырады. Сен қанша кешірім сұрасаң да, тіпті ол адам кешірсе де, жүректегі тыртық, көңілге түскен қаяу жазылмайды. Мәңгілік қалады! – депті.

Әлеуметтік  желіден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: