Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Атымтай жомарт айтыс ақтаңгеріне ат мінгізді

15.11.2023, 12:20 227

HALYQLINE.KZ

Астана қаласында өткен «Еңбек – ел ырысы» атты республикалық ақындар айтысында жерлесіміз Мейірбек Сұлтанхан «Айтыстың ақтаңгері» атанып, Сыр елінің мерейін үстем етті.

Айтыс жанашырлары Қызылорда облысы әкімдігі, мәдениет және спорт басқармасы, айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының Қызылорда облысы бойынша филиалы өкілдерімен бірге Сыр елінің ақындары Серік Ыдырысов, Оңталап Нұрмаханов, Кенжебай Жүсіпов, Мұхтар Ниязов және Сыр жастары аңтаңгер ақын Мейірбек Сұлтанханды туған жерінде күтіп алып, айтулы жеңісімен құттықтады.

Жас айтыскер ақын Бексұлтан Орынбасаров арнауын тарту етті. Сонымен қатар кәсіпкер, «Абай Дәулет» ЖШС директоры Мұрат Сәрсенбаев ақынға ат мінгізді.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: