Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Арпа ішінде бір бидай» деген сөз қайдан шыққан?

04.06.2020, 16:30 3460

«Отбасы хрестоматиясы» жобасы аясында жарыққа шыққан «Мың сұрақ» кітабында аталған лепестің шығу төркіні кеңінен баяндалған. Онда ол Адам ата мен Хауа ана пейіштен қуылып жерге түскен соң, Жебірейіл періштенің екеуіне үш уыс дән алып келуімен байланыстырған.

Періште әуеліде: «Уа, Адам, Хауа екеуің осы дәнді бөліп алып, жерге егіңдер. Бұдан сендердің және әуелден ақырға дейін өмір сүретін ұрпағыңның ырзық-несібесі өніп шығады» деп, оларға құнды тұқымды жеткізген екен. Өз кезегінде, Адам мен Хауа екеуі жерді жыртып, оны егеді.

Бір ғажабы, Адам атаның еккенінен бидай, ал Хауа ананың жерінен арпа өсіп шығады. Кітап қисынынша, содан бастап «бидай» Адамның, ал «арпа» әйелдің үлесі саналатын болыпты. Қыздар не әйелдер арасында жалғыз еркек болса, «арпа ішінде бір бидай» дейтін сөз содан қалған екен дейді.

kazislam.kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: