Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Әрбірімізде бір-бір арыстан ақырып тұр

06.04.2024, 8:00 360

HALYQLINE.KZ

МЫСАЛДЫҢ  МЫСАЛЫ…

… Бір күні бір тақуадан «Сіз үнемі жалғыз болудан қалай жалықпайсыз?» деп сұрапты дейді.

Сонда ол былай жауап беріпті:

– Менің жұмысым өте көп:

екі СҰҢҚАР мен екі БҮРКІТТІ баулып,

екі ҚОЯНДЫ тыныштандыруым керек, ЖЫЛАНДЫ үйретіп,

ЕСЕКТІ баптап,

АРЫСТАНДЫ жуасытуым керек.

– Алайда, біз оларды сіздің жаныңыздан байқамай тұрмыз ғой. Қайда олар?

Сонда тақуа былай депті:

– Бұл хайуандарды біз өз бойымызда сақтап жүрміз.

Екі сұңқар көргенінің бәріне ұмтылады – жақсы ма әлде жаман ба, пайдалы ма әлде зиян ба, бәрібір. Оларды бір-бірінен ажырата білуге үйретуім керек. Бұлар – менің КӨЗДЕРІМ.

Екі бүркіт тырнағы тиген жердің бәрін жарақаттап, құртуға тырысады. Оларды ешкімге зиянын тигізбей, керісінше, айналасына көмектесіп, жақсы қызмет етуге баулуым қажет. Олар – менің ҚОЛДАРЫМ.

Екі қоян қашан көрсең де әрі-бері секіріп, жүгіріп, қорқып, тығылып жүреді. Оларды тыныштандырып, қиындықтан қашпай, ауырлықты жеңуге үйретуім керек. Бұлар – менің АЯҚТАРЫМ.

Ең қиыны – жыланды қадағалау. Ол торға мықтап қамалса да, шабуыл жасауға, шағып алуға, жанындағы адамға улы зәрін төгуге әрдайым дайын тұрады. Сондықтан, оны барынша қадағалап, тәртіпке келтіруім керек. Бұл – менің ТІЛІМ.

Есекті білесіз, қай кезде көрсең де шаршап жүреді, қырсық, қыңыр, өз жұмысын дұрыстап орындағысы келмейді. Мен оны әркез баптап, жағдайын жасауым қажет. Ол – менің ТӘНІМ.

Ең соңында, патша болуға сонша ұмтылып, жан-жағына бұйыра сөйлейтін арыстанды жуасытуым керек. Ол – тәкаппар, мақтаншақ, бүкіл әлем аяғының астында жатса деп ойлайды. Бұл – менің ӨЗІМШІЛДІГІМ.

КӨРІП ТҰРСЫЗ, МЕНІҢ ЖҰМЫСЫМ ТЫМ КӨП!

Интернет желісінен еркін аударма жасаған

Айгүл  САҒЫМБАЙ

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: