Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2021 – Жаңа жылға жыр жолдау

22.03.2021, 10:00 525

HALYQLINE.KZ

 (2020 – тышқан, 2021 – сиыр жылы)

Жыл талас болған күні ертесіне,

Тышқан шығып түйенің өркешіне,

Шығыстан шыққан күнді бірінші көріп,

Айналған жыл басының серкесіне.

Тышқан жыл – «тәжілі» тұмау алып келді,

Әлемді әбігерге салып келді…

Қылығын кеміргіштің қайталамай,

Сиыр жылы, құтқар сонан халықты енді!

«Тышқанның» басқа да бар тірліктері,

Күллі әлемге көрсеткен іріліктері…

Әлділер әлсіздерге әлек салып,

Бұзылды бейкүнә ел бірліктері.

Заман мынау толы ма зар індетке,

Алаңдаумен болды әлем әр індетке…

Ашкөздік, үстемдік пен жұқпалы дерт,

Сиыр жылы, нүкте қой бар індетке!

Жаңа жыл, мол болсыншы жақсылығың,

Жарқырап тұра бергей жақсы күнің…

Әлемдегі адамзат баласына,

Тыныштық сыйлай бергей жақсы түнің!..

Қазыбек  Әшірбекұлы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: