Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Ұмай» фильмі халықаралық фестивальде жеңімпаз атанды

31.07.2020, 9:00 440

HALYQLINE.KZ Режиссер Іңкәр Әбдіраштың «Ұмай» қысқаметражды фильмі Словакияның ай сайын өтетін Kosece International Monthly Film Festival халықаралық кинофестивалінде «Үздік режиссер-дебютант» сыйлығын иеленді. Бұл жайлы kazakhfilmstudios.kz хабарлайды.

Бұдан бұрын «Ұмай» фильмі British International Amateur Film Festival (BIAFF) Халықаралық әуесқойлар кинофестивалінде «Ең үздік фильм», «Ең үздік сценарий» номинациясы бойынша топ жарған болатын. Сондай-ақ, фильм Х Dadasaheb Phalke Film Festival (DPIFF) Халықаралық кинофестивалінде үздік қысқаметражды фильм жүлдесін жеңіп алды.

Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының «Дебют» шығармашылық бірлестігі түсірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: