Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Түрленген, гүлденген Түркістан» айтысы қорытындыланды

17.06.2021, 16:05 553

HALYQLINE.KZ Бүгін Түркістан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Түркістан облысының құрылуына 3 жыл толуына орай «Түрленген, гүлденген Түркістан» республикалық ақындар айтысы өз мәресіне жетті.

Айтыскерлердің өнерін Әселхан Қалыбекова, Бекарыс Шойбеков, Бауыржан Халиолла, Маржан Есжанова бастаған қазылар алқасы бағалады.

Екі күнге созылған айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдені түркістандық Дәурен Ақсақалов жеңіп алды. Жеңімпазға бас жүлдеге тағайындалған «KIA Rio» автокөлігінің кілтін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев тапсырды.

1-орын  Мұхтар Ниязовқа, 2-орын Аспанбек Шұғатаев пен Жансая Мусинаға бұйырды.

3-орынның жүлдесін Айбек Қалиев, Төлеген Жаманов, Мейірбек Сұлтанхан, Шұғайып Сезімхан сынды ақындар еншіледі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: