Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Темірқазық» мерейтойлық концерті өтті

09.11.2023, 11:10 147

HALYQLINE.KZ

Сыр елінде Қазақ Ұлттық өнер академиясының Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Темірқазық» атты мерейтойлық концерті өтті.

Концерттің ашылуында Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, академия өнерпаздарына аймақ басшысының арнайы құттықтауын табыс етті. Оқу орны ректорының уақытша міндетін атқарушы Шыңғыс Ергөбек мерейтойлық кештің маңызына тоқталды. Т.Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәби Аңсат ұлт қайраткерінің еңбегі мен ізіндегі мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау керектігін айтты.

«Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдық мерейтойын ТҮРКСОЙ деңгейінде атап өту аясында елімізде және шетелдерде ауқымды шаралар үйлестірілуде. Ұлт қайраткерінің мерейтойы туған жері – Сыр елінде де кең көлемде тойлануда. Сыр жұртшылығы тәуелсіз елдің мәдениеті мен руханиятына сүбелі үлес қосқан Сіздердің ұжымдарыңызды кәсіби өнер шеберлерін дайындайтын оқу ордасы ретінде бағалап, құрметтейді. Темірбек Жүргенов есімін иеленген академия ұжымы алдағы уақытта да қазақ өнерін асқақтатып, тәуелсіз еліміздің ұлттық құндылықтарын насихаттай береді деп сенемін», – деді Шахмардан Байманов.

Іс-шарада академияның талантты жастарымен бірге елімізге танымал өнер иелері Сәкен Майғазиев, жерлесіміз Алмас Алматов және өзге де өнерпаздар сахнада ән-жырлар орындады. Темірбек Жүргеновтің тарихи еңбектері жайлы сахналық қойылымдар көрсетілді.

Қазақ Ұлттық өнер академиясы өнерпаздарына алғыс ретінде аймақ басшысының атынан ықылас гүлі табыс етіліп, көрермендер ризашылық білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: