Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Шәмшінің қадірін түсірмейін деп кадр алмадым»

15.08.2020, 8:00 500

HALYQLINE.KZ Бүгін – Шәмші Қалдаяқовтың туған күні. Осыған орай, республикалық қоғамдық-саяси «Халық» газетінде белгілі фототілші Болат Омарәлиевпен болған сұхбаттан үзінді жариялап отырмыз. Шәмшімен шығармашылығын байланыстырған фототілші ән короліне байланысты бірқатар деректерді айтқан еді.

Шәмші Қалдаяқов өлерінің алдында, ұмытпасам 1989 жылы болуы керек, Қызылорда педагогикалық училищесінде концертін өткізді. Аядай ғана залдың ішінде. Күрк-күрк жөтеліп отыр. Шашы аппақ қудай. Жанын­да ешкім жоқ. Көрермені жиырма шақты адам ғана. Былайынша айтқанда, мүлдем елеусіз келген не елеусіз қалған адамдай. Сонда Шәмшіні аяп, сол бейнесін көрсеткім келмей суретке түсере алмадым, түсір­медім. Жүз суретке түсірсек те, кейіпкердің шынайы бейнесін шығара алмауымыз мүмкін. Сосын ­ғой, өлеңге беріліп кете­тініміз. Ішкі толғанысын бере алмаған соң солай болады.

Жалпы, менің шығармашылығым Шәмшімен тікелей байланысты болды. Оның әндері­нің  тақырыптарына  байланыс­ты суреттер түсіріп отырдым. Мысалы, “Кешікпей келем деп ең…” деген әніне орай сағатқа қарап тұрған, елеңдеп тұрған сурет­тер түсірдім.

Болат ОМАРӘЛИЕВ,

фототілші

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: