Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ресей қазақ жеріндегі театрларға көмек қолын созбақшы

13.04.2023, 13:30 280

Ресей алғаш рет Қазақстандағы орыс театрларына қаржылай көмек көрсетеді. Мұны  РФ Мәдениет министрінің орынбасары Алла Манилова айтты.  

Бұл тізімге Ақмола облыстық орыс драма театры, Қарағанды облыстық К.Станиславский атындағы драма театры және М.Лермонтов атындағы республикалық драма театры енген.

«Биыл президент шешімінің арқасында  ТМД елдеріндегі ресейлік театрларға тікелей қаржылық қолдау көрсетеміз»,— деді Манилова Федерация Кеңесі мен ҚР Парламенті Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссия отырысында.

Басқарма бастығының орынбасары әр мекемеге ең заманауи дыбыстық театр жабдықтарын сатып алу үшін бес миллион рубль, яғни  27 миллион теңге бөлінетінін атап өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: