Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қызылордада Бағыбек Құндақбаевтың 100 жылдығына арналған театр фестивалі өтеді

13.10.2026, 11:50 63

19-24 қазан аралығында Қызылордада Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен қазақ театртану ғылымының көрнекті өкілі, театр сыншысы, профессор Бағыбек Құндақбаевтың 100 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXXІ республикалық фестивалi өтеді, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры. Фестивальге сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен 10 театр қатысады. Қойылымдарды құрамына Қазақстанның танымал театр сыншылары кіретін қазылар алқасы бағалайды.

Фестиваль аясында қала тұрғындары мен қонақтарына келесі театрлардың қойылымдарын тамашалауға үлкен мүмкіндік ұсынылады:

  1. І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театры,  «Міржақып»;
  2. Б.Римова атындағы академиялық драма театры,  Ш.Айтматов «Жәмилә»;
  3. С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры, У.Шекспир «Макбет»;
  4. Атырау Жастар театры, М.Әуезов «Қаралы сұлу»;
  5. Ф.Достоевский атындағы мемлекеттік орыс драма театры, Ф.М.Достоевский «Қылмыс пен жаза»;
  6. Абай атындағы Абай облыстық қазақ музыкалық драма театры, Ж. Әлікен «Қарағай»;
  7. Ақмола облыстық орыс драма театры, М.Әуезов «Қараш асуындағы баллада»;
  8. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры, А.В.Сухово-Кобылин «Іс  №20/25»;
  9. Астана қаласы әкімдігінің «Жастар театры», М.Әуезов «Қарагөз»;
  10. Түркістан музыкалық–драма театры, Қ.Аманжол «Пейіш».

Қазылар алқасының құрамында М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Театр және кино бөлімінің меңгерушісі, өнертану кандидаты, Қазылар алқасының төрағасы. Мұқан Аманкелді, Театртанушы, Өнертану докторы, профессор Нұрпейіс Бақыт, Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының режиссері Әмір-Темір Хұсейін Жүсіпұлы, Театртанушы, өнертану кандидаты Зухра Исламбаева, Өнертану магистрі, қазылар алқасының мүшесі Алтынгүл Нұрбекова бар.

Қойылымдар Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының сахнасында өтеді.


Фото: istockphoto.com

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: