Биыл 22 жылға созылған үзілістен кейін Қазақстанның бірқатар киелі нысаны ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді.
Олардың қатарында Маңғыстау облысында орналасқан бірегей тарихи нысандар бар. Президент мұны ұлттық сана мен тарихи жадыны жаңғырту бағытындағы маңызды нәтиже деп бағалады.
Жаркент мешіті мен Алматыдағы Вознесенск шіркеуі де ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізбесіне алдын ала енгізілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев аталған ескерткіштер Қазақстанның мәдени әралуандығын және елдегі этностардың рухани мұрасына деген құрметті көрсететінін айтты.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!