Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қазақ күй өнерінің саңлағы

05.11.2021, 17:17 259

HALYQLINE.KZ

Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және күйші, домбырашы Дина Нұрпейісованың /1861-1955/ туғанына 160 жыл толуына орай Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақ күй өнерінің саңлағы» атты өнер кеші

Мақасты келешек ұрпаққа күйші композитор Дина Нұрпейісованың өмірбаяны мен шығармашылығын таныстырып, күйлерін тыңдап, шығу тарихымен танысу.

Кеште кітапханашы П.Қошқарова күйшінің өмірбаяны мен шығармашылығына тоқталды. Кеште Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық колледж студенттері Дина Нұрпейісованың, Құрманғазы Сағырбайұлының күйлерін орындап, оқырман ризашылығына бөленді. Сонымен қатар «Қазақ күйінің анасы – Дина» атты кітап көрмесі таныстырылды.

Кеш соңында Қызылорда облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасының директоры Е.Алданазаров сөз кезегін алып, шараға қатысушы қонақтарға алғыс білдірді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: