Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Өнерім өзіңнен, туған жер!

29.09.2022, 10:15 484

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Мәдениет саласының үздігі, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының профессоры, жерлесіміз Ә.Сәрсенбаевты еске алуға арналған «Өнерім өзіңе, туған жер!» атты шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

Көрмеге мәдениет саласының қызметкерлері, өнер иелері, туыстары ЖОО студенттері және зиялы қауым өкілдері қатысты. Көпшілікке ұсынылған көрмені Қызылорда облыстық мәдениет және спорт басқармасының орынбасары Ерділда Нұртазаұлы ашты. Сондай-ақ көрме авторының туыстары Есенкүл Сәрсенбаева, жерлесіміз Исабек Сәрсенбаев, Ә.Сәрсенбаевтың жұбайы Жанат Сәдуқызы өнер иесінің өмір жолы мен шығармашылықтарына тоқталып, ұйымдастырушыларға өз лебіздерін білдірді.

Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» ордені иегері Аманкелді Кененбайұлы естелік әңгімелермен бөлісті. Көрме аясында Республикалық ақындар айтысының бірнеше дүркін жүлдегері, жырау Бексұлтан Орынбасаров суретшіні еске алу арнауын тарту етті.

Көрмеге суретшінің ұлттық ойдан туындаған көркемдік талғамы жоғары 100-ден астам туындысы қойылып таныстырылды. Адам баласының тылсым әлемінің, жан дүниесінің тереңіне үңіле отырып, өнердің нәзік иірімдерінен туындылар тоқыған қылқалам шеберін еске алу, еңбектерін жаңғырту, шығармашылығын дәріптеу – іс-шараның негізгі мақсаты. Аталмыш көрме 20 қазанға дейін жалғасын табатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: