Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Облыста мерекелік шаралар онлайн өтеді

02.07.2020, 16:35 458 0

HALYQLINE.KZ Облыста Ұлттық домбыра және Елорда күнін атап өту мақсатында түрлі форматта 14 мәдени іс-шара ұйымдастырылады. Биыл эпидемиологиялық ахуалға байланысты аталмыш шаралар онлайн өткізіледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Нұршат Наурызбаева баяндады.

«Мерекелік шаралар «Facebook», «Instagram», «Youtube», контенті арқылы насихатталады. Атап айтқанда, «Ғасырлар пернесі» атты республикалық онлайн күйшілер байқау өтеді. Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы өңірдің түпкір-түкпіріндегі таланттарды ұлттық рухты оятатын Құрманғазының «Балбырауын» күйін бір мезетте орындауға шақырамыз», – деді Нұршат Бекежанқызы.

Сонымен қатар, облыстық филармонияның Тұрмағамбет атындағы халық аспаптар оркестрі және «Қорқыт қобыз» қобызшылар ансамблінің «Күй күмбірі», «Домбыра-дастан», «Тек домбыра – күй ғалам» атты концерттерімен ұласатын болады.

Мұнан өзге, «Әлем таныған Елбасы», «Ұлтымыздың рухани ордасы» атты виртуалды кітап көрмесі, «Астанам – мақтанышым» атты фотокөрмелері, «Ән тербеткен Астана», «Асқақта, алашымның астанасы» атты онлайн концерті өтеді.

Облыстағы басты шаралардың басым бөлігі «Сыр шаңырағы» ютуб каналынан көрсетілетін болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: