Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2000-ға жуық мәдени іс-шара онлайн ұйымдастырылған

17.02.2021, 11:40 683

HALYQLINE.KZ Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың халық алдындағы алғашқы есепті кездесуі онлайн режимде өтіп жатыр. Онда 2020 жылғы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары айтылуда.

Өткен жылы елімізде Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150, Алтын Орданың 750, ұлы Абайдың 175, Ұлы Жеңістің 75 жылдығы аталып өтті.

Мерейтойлар аясында облыста 2000-ға жуық іс-шара онлайн форматта ұйымдастырылды.

Youtube платформасында арнайы «Сыр шаңырағы», «Сыр қоғамы», «Сыр бірлігі», «Сыр жастары», «Сыр спорты»  медиа-арналары ашылды.

Сыр жерінде алғаш рет Латиф Хамидидің атақты «Абай» операсы қойылды. Оған өңірдің жүзге жуық әртісі қатысты. Ежелгі және ортағасырлық қалашықтарға (Бәбіш-Мола Сортөбе, Жанкент, Сығанақ, Қышқала, Асанас) археологиялық зерттеулер жүргізілді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: