Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Музей автоматтандырылған жүйемен жұмыс істейді

25.02.2022, 9:40 289

HALYQLINE.KZ «АС-Музей» бағдарламасы – автоматтандырылған кешенді ақпараттық жүйе. Бұл жүйемен елімізде бірнеше музейлер жұмыс істеуде. Алғаш болып барлық сала бір ақпараттық базаға біріктірілді. Тиімді жоба туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтте облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Көзейбаев Сапар Әлиасқарұлы мәлімдеді.

«Ақпараттық жүйе музей құндылықтарын есепке алады, ғылыми түгендеу және каталогтауды жүргізеді, экспонаттарды есепке алып, шығаруды және музей құндылықтарын қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асырады. Мұнан өзге де бірнеше қызметі бар. Сонымен қатар, музей қорларын тиімді бақылау, экспонаттың қорда немесе экспозицияда орналасқандығын білу – уақытты үнемдеуге септігін тигізеді,- деді Сапар Әлиасқарұлы.

Айта кету керек, музей қоры археология, этнография, бояу, мүсін, нумизматика, фотосуреттер, құжаттар, кеуде белгілері, кітаптар мен қолжазбалар, қарулы, әуез-аспаптар сынды 12 классификациядан тұрады. Алдағы уақытта, облыстық музейге қарасты филалдарында да бірорталықтандыру жұмыстары жүзеге асырылатын болады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: