Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Халық әуені» өнер керуені Аралдан бастау алды

21.05.2026, 22:05 31

 HALYQLINE.KZ

Бүгін «ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасы аясында «Astana Musical» мемлекеттік театрының «Мюзикл әлемі» концерттік сапары Арал ауданынан бастау алды, деп жазады Қызылорда облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Шығармашылық сапар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, «Қазақстан Халық банкі» АҚ демеушілігімен жүзеге асырылып отыр.

Бағдарлама көрерменге әлемдік мюзикл мәдениеті мен қазақ музыкалық өнерінің үндестігін ұсынуға бағытталған.

Кеш барысында қазақ халық әндері, әлемдік хиттер, театрландырылған қойылымдар мен мюзиклдерден үзінділер орындалды.

Концерт барысында көрермен назарына балалар мен отбасылық аудиторияға арналған музыкалық нөмірлер де ұсынылды. Атап айтқанда, «Baby Shark», «The Lion King Sleeps Tonight», «In the Still of the Night» композициялары орындалды.

Сондай-ақ театр әртістері қазақстандық мюзиклдерден арнайы үзінділер сахналады.

«ХАЛЫҚ ӘУЕНІ» жобасы кәсіби театр және музыкалық өнерді өңірлерге кеңінен таныстыруға, мәдени байланысты нығайтуға және көрерменге сапалы шығармашылық жобаларды ұсынуға бағытталған.

Айта кетейік, концерттік бағдарлама 22 мамырда сағат 16:00-де Қазалы ауданы, Әйтеке би кентіндегі Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында және 23 мамыр сағат 17:00-де Байқоңыр қаласындағы Карен Шахназаров атындағы «Сатурн» кино концерт залында өтеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: