Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Елбасы медалінің» атауы өзгерді

17.04.2023, 10:05 577

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, бұрын «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры» табыстап келген «Елбасы медалін» енді «Ел үміті медалі» деп атау жоспарланып отырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, енді аталған медальмен марапаттау іс-шараларын Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырады.

Өзгерістерді енгізуге 2023 жылғы 13 ақпанда «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» ҚР Конституциялық заңының күшi жойылуы себеп болған.

Сондай-ақ, Қазақстанда жастар санатында жататын адамдардың жасының ұлғаюына байланысты енді «Ел үміті» медалімен 14 жастан 35 жасқа дейінгі (бұрын 29 жаспен шектелетін) қазақстандықтар марапатталады.

Пікірлер:
  • Талапты жастарымызды ынталандыратын атау және тағылымы зор марапат болар еді.Тек бұлда саудаға салынбаса.
    » ЕЛ ҮМІТІ » медалімен пайда табуды көздегендер қатары көбеймеуіне Оқу-ағарту министрлігі қадағалауын орнықтырса.

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: