Фото: gazeta.ru
Әлемге танымал әншінің Алматыдағы концертінің билеттері сатылымға шықты.
Концерт 10 тамызда Орталық стадионда өтеді деп жоспарланған.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, сатылым сайттағы виртуалды күту парағы арқылы ғана жүргізілмек. Бір адамға 10 билеттен артық сатылмайды. Билет бағасы – 40 мың мен 160 мың теңге аралығында. Десе де, сахнаның алдындағы орындар одан қымбат. Олар 180 мың теңгеден бастап саудаланғалы жатыр.
Айта кетейік, әншінің Астанадағы концерті 1 тамызда өтеді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!