Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Байбектің арам ақшасына жоламаңдар

17.04.2023, 10:14 313

Қазақстандықтар Германиядағы мәдениет саласындағы қайраткерлерден Бауыржан Байбектің демеушілігіне қызықпауды сұрап отыр.

Бұл үндеу Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбектің неміс пианисі Эвелинда Тренкнердің бюстін қаржыландыруы туралы ақпаратқа реакция ретінде пайда болған.

Хатта «Біз қазір қашып жүрген қазақстандық жемқор шенеунік Бауыржан Байбектен сіздердің ұйымдарыңызға қайырымдылық ретінде түскен қаржыға алаңдаушылық білдіреміз. Қайырымдылықты тиісті тексерусіз қабылдау ұйымның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін», – деп жазылған.

Неміс пианисінің талантын бағалаған қазақстандықтар экс-әкімнің ҚазМУ мен «Қазақфильмнің» жерлеріне қатысты алаяқтық операциялары, атап айтқанда жерлерді Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа заңсыз бергенін тізіп жазған.

Түптеп келгенде, отандастарымыз немістерден Бәйбек берген ақшаны оның заңды иесі Қазақстан халқына қайтаруды, осыған қатысты мәлімдеме жасауды сұрап отыр.

Dala inside

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: