Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ақын Темірхан Медетбек өмірден өтті

10.05.2025, 17:56 64

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Темірхан Медетбектің өмірден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады, деп хабарлайды halyqline.kz тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Темірхан Медетбек — өз заманының азаматтық үнін жеткізген, ұлттық болмыс пен тарихи жадының жарқын жыршысы бола білген үлкен жүректі ақын еді. Оның поэзиясы елдік пен ерлік рухын биікке көтеріп, ар мен намыс, ел мен жер туралы өршіл ой-толғамдарымен ұрпақ санасына терең сіңді.

Ақын тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, сын мен публицистика саласында да өрелі ой, өткір пікір айтып, сөз өнерінің биігінен көріне білді.

“Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның жарқын бейнесі, ұлтқа сіңірген еңбегі мен рухани мұрасы халқының жадында мәңгі сақталады. Марқұмның отбасы мен жақындарына, күллі әдеби қауымға, туған халқына қайғырып көңіл айтамыз. Марқұмның топырағы торқа, иманы жолдас болсын”,- делінген көңіл айту хатында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: