Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

«Алтын сақа» балалар байқауының жеңімпаздары марапатталды

23.09.2022, 11:40 290

«Балалар жылы» аясында Алматы қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ және «Қазақстан Жазушылар одағы» РҚБ қолдауымен «Алтын сақа» балалар әдебиеті шығармалары республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.Байқаудың мақсаты – балалар әдебиетін дамыту, қазақстандық жас қаламгерлерге қолдау көрсету.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Данияр Қадыров, «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма төрағасы Қазбек Майгельдинов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, ҚР Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ақын Ақберен Елгезек, жазушы Бейбіт Сарыбай, балалар жазушысы Зәуре Төрехан, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, «Парасат» және «Құрмет» орденінің иегерлері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаттары, зиялы қауым өкілдері мен елімізге белгілі қаламгерлер қатысты.

– Қазақ халқы «Тәрбие тал бесіктен» деп баланың болашағына үлкен жауапкершілікпен қараған. Сондықтан, бала тәрбиесінің замануи құралдары арқылы дәстүрімізді, ұлттық тарих, әдебиет, мәдениетімізді насихаттап, жаңғыртуымыз керек», – деді вице-министр Д.Қадыров.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: