Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ән тарихы: «Қимайтын жан екенсің жат ұяға»

21.03.2021, 12:00 721

HALYQLINE.KZ  1991 жылы Қытай елінен Қазақстанға арнайы шақырумен әртүрлі өнер өкілдері келеді. Қытайдан келген делегация ішінде Әмина Еркешқызы есімді қазақ қызы жүреді. Өзі Үрімші қаласындағы қазақ телевизиясында диктор болып қызмет етеді екен. Ол екі елдің арасында аудармашы болады. Екі жақты кездесудің талаптары бойынша тек ресми түрде сөйлесу керек. Делегация мүшелері бір-біріне жөнсіз жақындап, әңгімелеспеуі керек. Игі шара аяқталған соң, қонақтар қайта бастайды. Ал Әмина болса қайта-қайта артына қарап, атамекенін қимай жатады.

Мұны сырттан байқаған Тынышбай Рақым қарындасына жаны ашып, қарындасымен тіпті, тілдесе алмағанына іштей өкініп жатады да, ішінен: «Қимайтын жан екенсің жат ұяға» деп айтады. Кейін үйіне келіп қалған өлең жолдарын жазып, күйсандыққа отырып, әуенін жазады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: