Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Тимур Турлов екінші Әбіләзов болып кетпей ме?

13.03.2024, 16:10 235

HALYQLINE.KZ

Adal Adam YouTube арнасына берген сұхбатында танымал адвокат Макиш Есқараев банктер қалай тоналатынын айтты, сонымен қатар миллиардер, Freedom холдингінің негізін қалаушы Тимур Турлов пен қашқын банкир Мұхтар Әбіләзовқа қатысты пікір білдірді.

Журналист «ескі билік Әбіләзовті қайтару үшін, оның ұрлаған ақшасын қайтару үшін миллиардтаған халықтың қаржысын жұмсады. Шетелдік адвокаттар жалдау, соттасу, заң компанияларымен жұмыс істеу – оңай шаруа емес. Мемлекеттің ақшасы кетті әжептеуір оларға. Қазір сол банкирлердің орнына Тимур Турлов деген банкир пайда болды. Естуімізше, министрлер кабинетінде жиі отырады. Үкіметтегілердің есігін жиі ашады. Президент те қабылдайды. Сауатты. Мықты бизнесмен. Өте белсенді жігіт өзі. Осы Турлов екінші Әбіләзов болып кетпей ме?» деген сауал қойды.

Макиш Есқараевтың пікірінше, кезінде Қазақстанның қаржы нарығын реттейтін құрылымдар жұмысын жүйелі, қырағы атқармаған.

«Финрегуляторлар Мұхтар Әбіләзовқа БТА-дан ақша алып кетуіне мүмкіндік беріп қойған. Енді ойлаңыз, 50 теңге тұратын нәрсені 500 теңге деп кепілге қояды да, несие шығара салады. Бүгінгі таңда, Ұлттық банк болсын, басқа болсын, ондай іс-әрекет жасауға мүмкіндік бермейді», – дейді адвокат.

Оның айтуынша, қаржылық қылмыстарды ашудың аса қиындығы жоқ.

«Интернетке «Самые распространенные мошенничества в банках США, в 30-х годах» деп жазасыз, сол жерде Әбіләзов істеген қылмыстың схемалары пайда болады. Мәселен, мұндай схемалар 60-70-жылдары Еуропада жасалды, Совет Одағы құрылып еді, 90-жылдары Украина, Ресейде жасалды, бізде 2005-2006 жылдары жасалды. Егер қаржылық қылмыстарға тосқауыл қойғыңыз келсе, Америка, Еуропаны зерттеп аласыз, болды. Өйткені, ол жақта жасалған қылмыстар кемі 10-15 жылда бізге келеді. Яғни қалай ұрлық жасауға болатыны туралы схемалар. Тимур Турловқа келсек, ол өзіне байланысты, қандай шешім қабылдайтыны. Ал біз мемлекет ретінде, қоғам ретінде әлемдік практиканы қарап отырып, соларға бөгет жасап, заңдық нормаларды алдын ала шығаруымыз керек», – деді адвокат.

Сурет  ашық  дереккөзден  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: