Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Шыны зауытының құрылысы аяқталуға жақын қалды

04.10.2021, 10:20 408

HALYQLINE.KZ «Сыр еліндегі үлкен зауыт болғалы тұрған шыны зауытының жұмысын көруге бардым. Зауыт жұмысындағы ең негізгі болып саналатын пештің соңғы 4 кірпішін қаладық. Шыны зауытының құрылысы аяқталуға жақын қалды.

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын салтанатты түрде атап өтер кезде беріп қаламыз деген ойым бар» деп жазды облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, шыны зауыты – Қызылордадағы ең өзекті мәселенің бірі. Неше жылдан бері құрылысы жыр болған нысанның биыл пайдалануға берілетіні – қуанышты жаңалық. Бұған дейін аталған зауыт айналасында көптеген мәселелер туындаған еді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: