Қазалы ауданының тұрғындарын «көгілдір отынмен» қамту жұмыстары бойынша 2022 жылы ауданда Басықара, Қ.Пірімов, Жалаңтөс батыр ауылдары газға қосылса, 2024 жылдың аяғында Абай ауылы (347,6 млн теңге) және 2025 жылы Ақтан батыр ауылы (325 млн теңге) табиғи газ отынына толыққанды қосылды.
2024 жылы Ақтан батыр, Жанқожа батыр, Бекарыстан би, Майдакөл, Түктібаев елді мекендеріне газ жеткізу құбырларының құрылысына 1 млрд 562,4 млн теңге қаржы бөлінсе, 2025 жылға жобаның жұмысын жалғастыруға 2 млрд 171,1 млн теңге бөлініп, жұмыстары толық аяқталған болатын. (Жоба құны – 3 млрд 733,5 млн теңге).
2026 жылға Жанқожа батыр (120 млн теңге, жоба құны – 336,8 млн теңге), Бекарыстан би (300 млн теңге, жоба құны – 594,4 млн теңге), Майдакөл (80 млн теңге, жоба құны – 267,5 млн теңге) және Түктібаев (180 млн теңге, жоба құны – 361,9 млн теңге) елді мекендеріне орамішілік газ желілері құрылысын бастауға республикалық бюджеттен 680 млн теңге қаржы бөлінген. Бүгінде елді мекендерге орамішілік газ жүргізу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!