Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Ең төменгі жалақы 60 мың теңге болады

01.09.2021, 11:50 555

HALYQLINE.KZ 2022 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы 42500 теңгеден 60 мың теңгеге өседі. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы кезінде айтты.

«Елімізде ең аз жалақы көлемі 2018 жылдан көтерілген жоқ. Әлемдік коронадағдарыс қазақстандықтардың табысына салдарын тигізді. Оның үстіне ең төменді жалақы көлемі бойынша Қазақстан ТМД-ның біраз елдерінен артта келеді. Осы орайда 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы көлемін 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге өсіру туралы шешім қабылдаймын. Аталған бастама 1 млн-нан астам қазақстандықты қамтиды. Бұл өз кезегінде көлеңкелі жалақы мәселесін жойып, ел экономикасына оңтайлы әсерін тигізеді. Және сарапшылардың пікірінше бұл ЖІӨ-ді 1,5 есе артуына ықпал етеді», – деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: