Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Еліміздің сыртқы сауда айналымы қаңтар мен сәуір аралығында 44447 млн долларға жетті

22.06.2023, 15:28 168

HALYQLINE.KZ

2023 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 44447,3 млн долларға жетті, деп хабарлайды ҚР СЖжРА Ұлттық статистикалық бюросы.

2022 жылдың қаңтар-сәуір айларымен салыстырғанда, биылғы жылдың сәйкес кезеңінде сыртқы сауда айналымы номиналды мәнде 11,1%-ға ұлғайған. Оның ішінде экспорт 25514 млн доллар болса (номиналды мәнде алғанда 3,8%-ға аз), импорт – 18933,3 млн доллар (номиналды мәнде 40,5%-ға көп).

Сол сияқты, еліміздің Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерімен өзара саудасы бойынша 2023 жылдың қаңтары мен сәуірі аралығындағы көрсеткіш 8999,5 млн долларға жеткен. Номиналды мәнде алғанда, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 12%-ға жоғары.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларында Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне бағытталған тауар экспорты 3536,1 млн долларға жетсе (47%-ға көп), ал импорт – 5463,4 млн доллар деңгейінде (3% аз) болған.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымында елеулі ауқым Ресей Федерациясына сәйкес келеді – 92,2%. Әрі қарай – Қырғыз Республикасы (4,5%), Беларусь (3,2%) және Армения (0,1%) тұр.

2023 жылдың қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша, Қазақстан экспортындағы тауарлардың негізгі үлес салмағын мынадай тауарлар құраған: битуминозды минералдардан алынған шикі мұнай және шикі мұнай өнімдері – 55,4%, тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары – 3,9%, химиялық радиоактивті элементтер мен радиоактивті изотоптар – 3,5%, ферроқорытпалар – 3,5%, кендер және мыс концентраттары –3,3%, бидай және меслин – 2,8%.

Ал импорт тауарларының үлес салмағы былайша қалыптасқан: жеңіл автокөліктер (4,9%), телефон аппараттары (3,3%), кузовтар мен кабиналар (2,7%), дәрілік заттар (2,4%), моторлы көлік құралдарының бөлшектері мен керек-жарақтары (2,0%), мұнай және мұнай өнімдері (2,0%).

Экспорт бойынша еліміздің негізгі әріптес елдері: Италия (20,4%), Қытай (14,5%), Ресей (12,6%), Корея Республикасы (6,6%), Нидерланды (5,9%) және Түркия (5,0%) .

Ал импорттағы негізгі әріптес елдерді былайша көрсетуге болады: Ресей (26,8%), Қытай (23,9%), Германия (5,1%), АҚШ (4,8%), Корея Республикасы (4,0%), Түркия (3,7%).

Ең іпі экономикалық серіктес елдердің тізімі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: