Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

03.04.2024, 15:10 85

HALYQLINE.KZ

Сырдария ауданы орталығына жақын орналасқан С.Сейфуллин елді мекенін газдандыруға өткен жылдың аяғында облыстық бюджеттен 20 млн теңге бөлініп, жұмыстар бастау алған болатын. Биыл облыстық және республикалық бюджеттен тиісті қаржы қаралып, газ құбырларын тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев аталған ауылдағы кварталішілік газ тарату желілері құрылысының жұмыстарымен танысты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметінің жазуынша, әкімге мердігер мекеме «АЭS and Limited» ЖШС-нің өкілі атқарылып жатқан жұмыстарды жеткізген. Бүгінде жобада қаралған жұмыстардың 65 пайызы орындалған.

Айта кетейік, ауданған қарасты А.Тоқмағамбетов елді мекенінде де газдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл ауылда да «АЭS and Limited» ЖШС 70 пайыз жұмысты аяқтаған.

Берік Әбдіғаппарұлы елді мекендерді газдандыру маңызды екенін, тұрғындар асыға күтіп отырғанын атап, құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін ескертті. Тиісті сала басшыларына күнделікті бақылауда ұстап, құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, мерзімінде аяқтау жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: