Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

2 миллионға жуық адамның несиесі кейінге шегерілді

05.06.2020, 18:05 547

HALYQLINE.KZ Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі халықты және бизнесті қолдау жөніндегі шаралардың орындалуын мониторингтеуді жалғастыруда. 2020 жылғы 2 маусымдағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктер және өзге кредиттік ұйымдармен төлемдерді тоқтата тұруға 265,8 млрд теңге сомаға 1883111 жеке тұлға, оның ішінде 42 млрд теңге сомаға халықтың әлеуметтік осал топтарының 345 мыңнан астам өкілі мақұлдау алды. Бұл қарызданушы жеке тұлғалардың жалпы санының 34% құрады. Сондай-ақ 12411 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі 164,6 млрд теңге сомаға немесе шағын және орта бизнес субъектілерінің 41,6% төлеу мерзімін кейінге қалдырды. 2 миллионға жуық несие алушының қарыз мерзімі кейінге шегеріліп, 1,5 мыңға жуық несие жеңілдік бағдарламасымен берілетін болады.

Екінші деңгейдегі банктерден алынған деректер бойынша 2020 жылғы 2 маусымда шағын және орта бизнес субъектілері және дара кәсіпкерлерге 187,8 млрд теңге сомаға 1336 қарыз мақұлданды.

Жалпы ел президентінің тапсырмасы бойынша Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасын әзірледі. Осы бағдарламаны іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге шартты салымдар орналастыру арқылы шағын және орта бизнес субъектілеріне және дара кәсіпкерлерге 600 млрд теңге бөлінді.

Бизнесті қолдау тетігі екінші деңгейдегі банктердің төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты зардап шеккен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне, дара кәсіпкерлерге айналым капиталын толықтыру үшін 12 айға дейінгі мерзімде жылдық 8%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен кредит беру арқылы іске асырылады. Екінші деңгейдегі банктердің қаражатты игеру мерзімі 3 айды құрайды.

1. Ақша қаражаты ШОК субъектілеріне кредит беруге бағытталуға тиіс.

2. Бір қарыз алушыға лимит:

шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, заңды тұлғалар үшін ­– 3 млрд теңгеден, дара кәсіпкерлер үшін 50 млн теңгеден аспайды.

3. Айналым капиталын толықтыруға кредит қарыз алушының банктік шотына аударылады және қарыз алушы тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер үшін ақы төлеуге, салықтар төлеуге арналған төлемдерді және бюджетке басқа да төлемдерді жүзеге асырады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: