Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Сыйлық

09.08.2020, 10:00 491

HALYQLINE.KZ Халықтың алшысы түспей кешегі арық сиырдың сирағындай 90 жылдар елдің берекесін сөгіп, шайы қантсыз ішіліп, сорпасы сұйылған аласапыран кез. Сол шақтың құлындай секірген ойын баласына қазіргідей смартфон, сан түрлі ойын құрылғылары мың ұйықтап тұрса да түсіне кірмейтін.

Тоғыз қатынның толғағы бір күнде келді демекші Сәнияның әкесі зауыттағы нәпақасын ала алмай жүргенде шешесі жұмыстан қысқартылып қалған. Санияның туған күні жақындағанымен сыйлыққа кенеліп, құрбыларын үйге шақырып тәттілету аспандағы айды ұстаумен тең. Онысы тек арман мен қиялдың арасында сейіліп қала бермек. Үйдегі мүшкілдеу ахуалдың өзі Санияны біршама есейтіп жібергендей.

Жылы көрпеге оранып көзі ілінгенімен ертеңгі туған күніне орай ішкі дүниесі тулағанымен сыртқы әлемнен үміт жоқ.

Ә, жоқ көзін ашса өңі ма, түсі ма қарс алдында түйме көзді, моншақ мұрынды, ескі мата болса да өзіне жарасымды қолдан тігілген қуыршақ дән көңілін сергітті. Ол қуыршақты көзін жұма құшақтай иегіне қатты қысып алды. Бұл нағыз бақытты да әсерлі сәт еді.
Анасының қолымен үйлестірілген сүйкімді қуыршағына 30 жыл өтсе де ол оны ұмытқан емес.

Жақында Сәния қымбат смартфонға түңіліп отырған ұлына осы оқиғаны әсермен жеткізген. Енді ұлынан өткен жылы туған күніне қандай сыйлық алғанын сұраса, есінде жоқ. Әрине, есте қайдан болсын, ол жылы оған смартфон, героскутер, самокат сыйланған болатын. Өйткені, сыйлық көп, сондықтан қадірі де шамалы.

Сәнияның қуыршағы жалғыз еді. Ол тағы 30 жыл өтсе де қуыршағын ұмытпайды. Өйткені оның ата-анасы көп сыйлық бермесе де, барын берген болатын.

Дастан АБДЫРАХМАНҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: