Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

САЯСИ SOS немесе төтенше қоғамдық-саяси жағдай жөніндегі министрлік керек пе?

11.09.2020, 12:45 495 0

HALYQLINE.KZ

Бізде Төтенше жағдай жөніндегі министрлік қайта құрылыпты. Айтып келмейтін апаттар көбейген мына қиын заманда ол да керек.

Бірақ, сонымен бірге, бізге қоғамдық-саяси өмірдегі төтенше жағдай жөніндегі тағы бір мекеме керек-ақ!

Ол сала да нағыз апат алдында! Және де ол тек қана шенеуніктерден құралған құрылым болмауы тиіс. Қоғам өкілдері, соның ішінде билікке сын айтып, өз позициясын ашық түрде жеткізетін, сонымен бірге, диалогты да жоққа шығармайтын күштер енуі тиіс. Әйтпесе, ертең кеш болуы мүмкін!

Демократиялық күштердің ерекше белсенді болуының екі катализаторы бар.

Біріншісі – елдегі жағдай, биліктің біліксіздігі мен былығына пандемия мен одан туындаған жаңа экономикалық дағдарыс қосылып, қалың жұртшылықтың ашу-ызасын тудырып, жаппай наразылығын одан сайын арттырып жатыр.

Екіншісі – алда келе жатқан парламент сайлауы. Электораттық науқанда саяси тартыс мейлінше күшейе түсетініні – заңдылық. «Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көресің!», – деп дәл осы кезеңге қатысты айтатын боламыз!

Әрине, НСОД бар. Бірақ, менің пайымдауымша, биліктің өз ішінде оның шынайы реформаторлық сипатқа ие болуына қарсы күштер бар. Сондықтан да ол әзірше соншалықты белсенді әрі ықпалды бола алмай тұр. Сол себепті сайлау алдында және одан кейін президент Тоқаев мәлім еткен кейбір оң реформалық ойлар «ұмытылып» барады…

PS. Біздің бастықтар осы күндері өздерін өтірік мақтайтын әрі ақтайтын телеарналарды емес, өзіміз секілді Совет одағының шекпенін әлі де шыға алмай жүрген Беларусьтегі сайлаудан кейінгі жағдайды боямасыз суреттейтін тікелей эфирлерді қарап шықса, нұр үстіне нұр болар еді!

Басқасын айтпағанда, оларда, ең болмағанда, «өзін-өзі сақтау» инстинкті болуы тиіс емес пе?!

Және де билікті сақтап қаламыз деп, ертең олар Лукашенко секілді өз қамдары үшін басқа елдерге, соның ішінде, солтүстік көршіге жүгініп жүрмесін!

Әміржан  ҚОСАНОВ.

Әлеуметтік желідегі парақшасынан алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: