Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Қымбат сағат

22.08.2020, 11:00 1668

HALYQLINE.KZ Әкесі өлер алдында ұлын шақырып, бақұлдасыпты. «Уақытым таяп қалды, саған бабаларыңнан мирас боп келе жатқан сағатты мұраға қалдырмақпын. Бұл сағат – 200 жылдан бері атадан балаға аманат боп келе жатқан құнды дүние. Бірақ соны саған аманаттар алдында бір өтінішім бар. Сен осы сағатты алып көзіңе бірінші боп түскен сағат дүкеніне апарып, құнын сұрап кел, тек сатпа» депті.

Ұлы әкесінің сөзін жерге тастамай, сағаттың құнын сұрап келеді. «Сағат жөндеуші, сағатың тым ескі, құны ары кетсе 5 доллар деді» деп келеді.

Сонда әкесі ұлына «Жақын маңайдағы кофеханаға барып, иесіне ұсын» дейді. Ұлы әкенің тілін алып, барады. «Кофеханашы 5 доллардан артық бермеймін деді» дейді ұлы.

«Ендеше мұражайға барып көр». Баласы әкесінің бұл сөзін де орындап, мұражайға барып келеді. Келе сала әкесіне: «Мұражай басшысы мынау тот басқан темірге миллион доллар берем деді» деп таңғалады.

Сонда әкесі: «Лайық орынға барсаң, саған лайық баға береді. Лайықсыз жерге барып, мені лайықты бағаламады деп ешкімге ренжіме. Сені бағаламаған жерде көп кешікпе. Сені шын таныған адам ғана лайық құныңды білуші. Осы айтқанымды ұмытпа» дейді.

Әркім өз құнын өзі білуге тиіс!

Әпсананы аударған Шынар Әбілда

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: