Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Құмырсқаның құрдымы

18.06.2020, 10:10 681

HALYQLINE.KZ Күнделікті нəпақасын тіртінектеп тауып жүрген құмырсқа ойда-жоқта бір тамшы балға кезігіп қалады. Жақындап барып дəмін көрді. Дəмі тіл үйіртіп, көңіліне қонды. Құмырсқа бір айналып əлгі балға қайта келді. Балдың дəмін тағы татты. Тоятын түрі жоқ. Көзін қиып тағы кеткісі жоқ. Өзі тойса да, көзі құрғыр тоймады. Бұл жолы балды шетінен емес, енді ішіне кіріп жеді. Тойғандай болып шыққысы келді, аяғын балдан ала алмады. Əрі-бері аяғын сермеп еді онан сайын бал өзіне қарай тарта бастады. Қанша талпынғанымен еш амалы болмады. Осылайша, құмырсқа көзі тоймаған балдың ішінде өз өмірін ерте тауысты.

Білесіз бе, бұл бір мысал?! Мына дүние алаңы үлкен бал тамшысы секілді. Кім одан тек керегін алып, дер уағында нəпсісін тыя білсе, өзін мына дүниенің жамандығынан қорғай алғаны. Ал егер қу дүниеге құнығып, шегін білмесе, өзінің қалай жұтылғанын білмей де қалуы мүмкін. Бұған құмырсқаның құрдымы дəлел.

Қайырбек Отызбаев,

Қызылорда қалалық «Сұлтан» мешітінің бас имамы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: