Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Мәшһүр Жүсіптің әулиелігі

08.07.2020, 10:50 13865

HALYQLINE.KZ Павлодар облысы, Баянауыл ауданы, өз туған ауылында сопылардың соңғы ұрпағы Мәшһүр Жүсіп Көпеев 1931 жылы жер қойнына тапсырылады.⠀

Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда 1921 жылы Мәшһүр Жүсіп бар туыс-тумасын жинап, бір жерді анықтап көрсетіп: «Менің мазарымды осы жерден қазыңдар. Мені жатқызып емес, отырғызып жерлеңдер. Әлсін-әлсін хабар алып тұрыңдар, менің денем 40 жыл бойы бұзылмай сақталады» деген екен. Қайтыс боларынан тура бір жыл бұрын үлкен келіні Ақ Зейнептің інісі Дұсжанға мазарын қаздырып бастайды. Өзі үнемі басы-қасында отырып, енін, ұзындығын қадағалайды.⠀

Мазар дайын болған соң алыс-жақын ағайын-ауылын жинап, көзі тірісінде өзінің жаназасын шығарып, құрбан шалып, ас бергізеді.⠀

Мұның себебін сұраған ауылдастарына: «Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын. Мен өлген соң қатты әлсірейсіңдер. Ас беріп, жаназа намазымды оқытпақ түгілі, бақа-шаян теріп кетесіңдер», – деп 1931 жылғы ашаршылықты күні бұрын болжаған екен. Расында сопы жан тапсырған соң әлсіреген туыстары әулиенің мәйітін дайын мазаратқа әрең апарып жерлейді.⠀

Содан соң әулие Мәшһүр Жүсіп сөзін былай деп жалғайды: «Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттан аман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туады» деп болжаған екен.⠀

Әулие Мәшһүр Жүсіптің 4 болжамы орындалып кетті.

Олар:

✓ өзінің өлімі

✓ ашаршылық

✓ 70 жыл атейстік компартия

✓ 30 жыл ұры-қарының билеуі.⠀

Енді бесіншісі бейбіт, бейқам заман 2021 жылдың соңына, 2022 жылдың басына келіп тұр екен. Билікке адал сүт емген, халқына қайырлы басшылар келеді деп болжаған екен.

Әлеуметтік желіден алынды.

Пікірлер:

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: