Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Коронавирус түсіңізге кіре ме?

15.04.2020, 15:17 303

HALYQLINE.KZ –| Коронавирус жайлы түс көретіндер де көбейген. Интернетте «I dream of covid» («Менің түсіме коронавирус кіреді») блогы пайда болды. Бұған желі қолданушылары карантин кезінде коронавирус жайлы көрген түстерін жаза бастаған.   Мысалы, Сан-Франциско тұрғыны түсінде қалада келе жатып коронавирус жұққан ине басып кеткені жайлы жазған. Ал Джорджиядан бір адам өзінен COVID-19 вирусы анықталғаны жайлы түс көрген.

Адамдар коронавирус жайлы көрген түстерін көптеп жазуда. Мамандар мұны ұйқы режимінің бұзылуына байланысты деп түсіндіреді. Себебі карантин кезінде таңертең ерте тұрмау, көп қимылдамау, көбірек тамақтанып және көбірек ұйықтау дағдыға айналып барады. Мэриленд университетінің әлеуметтік психологы Дилан Селтерманның айтуынша, COVID-19 адамдардың ұйқысына айтарлықтай әсерін тигізуде. Сондай-ақ ғалымдар ұйқының адам миына пайдасын бұрыннан-ақ айтып келеді.

Ұйқы адам миын өңіндегі қиындықтарға дайындайды. Адамның түнде көретін түсіне өңіндегі уайымы мен күйзелісі әсер етеді. Cондай-ақ жеке басының жағдайы ғана емес, қоғамдағы оқиғалар да себеп болады Мұндай түс көргеніңе қатты күйзелудің қажеті жоқ.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: