Halyqline.kz – үздіктер қатарында!

Балалары әлі «белінде» жүр…

09.07.2020, 14:00 738

HALYQLINE.KZ

Ілгеріректе бір жас жігіт шаңырақ көтереді. Әрине күндіз беташары бар, басқасы бар қазақтың түрлі дәстүр-жоралғылары атқарылады. Ал кешке қарай тіккен отауына сыныптастары жиналып, құттықтап келеді. Аста-төк дастарқанның үстінде арқыраған ақкөңіліменен жас отбасыға ұлдар жағы «Қайрат» командасын құруды, сыныптас қыздар жағы «Айгүл» ансамблін тілейді. Кеш соңында сөз кезегі екі жасқа тиеді, сонда әлгі жігіт сыныптастарына бүй деп ренжіпті:

«Бәрің түк көрмегендей ұл мен қыз тілей бердіңдер-ау. Бала деген белде емес пе тәйірі, алдымен машина, үй керек, дүние жинау керек деп сыныптастарын «таңғалдырған екен».

Енді мына қызыққа қараңыз, сол жігіт қазір орта жастан асқан ел ағасы. Жағдайы өте жақсы. Зәулім сарайдай үйі бар. Астында көліктің қымбат түрі. Жеке дүкені де бар. Тек, бір әттеген-айы балалары әлі «белінде» жүр…

Міне, алысқа шаппас, ертеңін ойламас таяз ойдан шыққан ниет арыстай азаматтың тамырына балта шауып, болашақта жалғасын табар бүтін бір әулеттің отын сөндіреді. Перзент болмаса ұйыған отбасы іриді, көтерілген шаңырақ ортасына опырыла құлайды. Үйдің ішінде томпаң қаққан «күлшашарлар» астан-кестенін шығарып шашып, аяққа оратылып құлап-сүрініп жүргенге не жетсін. Сəби күлкісінен асқан бақыт бар ма бұл жалғанда? Сондықтан да шаңырақ көтерген жас отбасылар, отау құрсақ деген ниеті бар жастар, бастарың бір жастыққа түйісіп жатса, Тəңірімнен ең бірінші бала сұраңдар. Әр бала өз несібесімен келеді. Бір қозы туса, бір түп жусан артық шығады екен. Шаңырақтарыңыздан баланың шат-шадыман күлкісі тыйылмасын.

Қазағымның жігіттері жігіттердің төресі ғой. Үйдегі келіндер мен жеңгейлердің балағынан бала саулатып, жыл сайын төлдете беріңдер. Оттарың өшпесін, ізің жалғансын!

Жаған-Бегім  БӘКІРҚЫЗЫ,

Әлеуметтік  желідегі  парақшасынан  алынды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: